2014 жылдың маусымынан бастап 447 объекті 125,4 млрд теңгеге сатылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асырудың нәтижелері» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтып берді.

Спикердің сөзінше Жекешелендірудің «екінші толқынының» шеңберінде 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 569 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 447 объекті 125,4 млрд теңгеге сатылған. «Оның ішінде, республикалық меншік бойынша – 33 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 29 объекті 10,8 млрд теңгеге сатылды, коммуналдық меншік бойынша – 270 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 214 объекті 19,2 млрд теңгеге сатылды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 122 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 107 объекті 6,8 млрд теңгеге сатылды, ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 144 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 97 объекті 88,6 млрд теңгеге сатылды», – деді вице-министр.

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов қазіргі уақытта қолданыстағы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына түгендеу нәтижесі бойынша қосымша енгізілгендерді есептегенде 878 нысан енгізілгенін, оның 217-сі сатылғанын айтып өтті.

«Сатылған 217 объектінің 18-і республикалық меншікт объектілері, 106-сы коммуналдық меншік объектілері, 93-і квазимемлекеттік сектор объектілері», – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика