183 қазақстандық өз үйіндегі пештен зардап шеккен

Республика бойынша 183 адам көмірқышқыл газымен уланған. Оның 39-ы бала. Осыған байланысты тұрғындармен арнайы жұмыстар жүргізіп жатыр деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов.  

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкілінің мәлімдеуінше, азаматтық қорғау органдары арнайы рейд жүргізіп, бүгінгі күнге дейін жарты миллионға жуық үйге барған. Нәтижесінде, көптеген қазақстандықтар от жағу барысында қауіпсіздік шараларын сақтамайтындығы анықталды.

«өкінішке қарай, бұл проблема жыл сайын туындайды. Санмен айтар болсақ, мерт болғандар бар. Ыстан 28 адам ажал құшты, оныі біреуі бала», – деді Руслан Иманқұлов.

Мәлімдеуінше, адам өлімімен аяқталған оқиғалар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар көмитеті қазақстандықтарды күн райына назар аударуға шақырды. Солтүстік пен Орталық Қазақстан аумағында ауа райы бұзылады деген болжам бар.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика